ШҚО-да қасақана кісі өлтіру оқиғасы 3 есеге азайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қасақана кісі өлтіру фактісі Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдары 3 есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егер 2005 жылы 250 кісі өлтіру қылмысы тіркелсе, өткен жылдың қорытындысы бойынша 87 қылмыс тіркелген. Мамандардың айтуынша, аталмыш қылмыстарды жұмыссыз тұлғалар отбасылық-тұрмыстық жанжал және спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішкен кезде жасайды. Мысалы, өткен жылы 75 сотталған тұлға кісі өлтіру қылмыстарын жасаған кезде алкогольді мас күйде болған.

"Қылмыстарды жасау мән-жайлары мен материалдарын зерделеген кезде прокуратура кісі өлтіру қылмыстарын анықтау және тергеуінде жүйелі мәселелерді анықтаған. Бұл жергілікті атқарушы органдарының халықпен және жергілікті полиция қызметінің бұрын сотталған тұлғалармен, сондай-ақ, есептегі тұлғалармен профилактикалық жұмыстың жоқтығы.

Сондықтан, облыс прокуроры осы тектес қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін жаңа әдістерді іздестіру қажеттігін айтты", - делінген Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қала, аудан прокурорларына қасақана кісі өлтіру қылмыстарын ашу, тергеу бойынша жұмыстарды қадағалауды күшейту тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар