ШҚО-да қару-жарақты заңсыз алып бара жатқан әскери полиция офицері ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында заңсыз атыс қаруын алып бара жатқан әскери полицияның аға лейтенанты ұсталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 22 ақпанында «Охотзоопром» мекемесінің Зайсандағы тірек пунктінің қызметкерлері Мақаншы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге Үржар ауданында рейд жүргізген еді. Рейд барысында «Тойота» маркалы автокөлігінің багажында заңсыз атыс қаруын алып бара жатқан әскери полицияның аға лейтенантын ұстады. Атап айтқанда, оның көлігінен тиісті құжаты жоқ бір атыс қаруы (ТОЗ-8 маркалы қару, 16 калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшы қаруы, 12 калибрлі бір қару, 16 калибрлі 87 патрон) табылған», - деп жазады Facebook парақшасында Сәкен Ділдахмет.

Аталған факт Үржар ауданы полиция бөлімінің қылмыстық істерді тіркеу тізімінде ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс ретінде тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар