ШҚО-да қарттар үйінің шатырын жөндеу кезінде қаржы жымқырған лауазымды тұлғалар тергелуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ШҚО-да әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шатырын жөндеу кезінде бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

«ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел – алдын алу іс шаралары нәтижесінде «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады.

Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғаларының 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар