ШҚО-да қарашаның соңына дейін 650 адам ревакцинациядан өтуі тиіс

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қараша айының соңына дейін 650 адам ревакцинациядан өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен және Семей қалаларында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm вакциналары қолжетімді.

«Коронавирусқа қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жүргізіледі. Ал инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан соң салынады. Өңір бойынша қараша айының соңына дейін 650 адам ревакцинациядан өтеді деп жоспарланған», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ облыс емханаларында жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12-18 жас аралығындағы балаларға Pfizer вакцинасын салу науқаны жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда осы санаттағы 5500-ге жуық адам екпе алған.




Соңғы жаңалықтар