ШҚО-да карантин талаптарын сақтамайтындар тыйылмай отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 50-ден астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«15 сәуір күні Өскеменде карантин талабын бұзудың 25 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 175 020 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семей қаласында 382 нысан тексеріліп, шектеу шаралары мен маска режимін бұзған 25 адам тіркелді. 43 755 теңге мөлшерінде 1 хаттама толтырылып, 218 775 теңге сомасында 5 айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ Алтай ауданында мониторингілік топ мүшелері тексеру барысында 148 нысанда шектеу шараларын бұзудың 2 фактісін анықтады. Шемонаиха ауданында 78 нысан қамтылып, карантин талабын бұзған 1 адам тіркелді.


Соңғы жаңалықтар