ШҚО-да карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр
2021 жылғы 6 наурыз 18:46

ШҚО-да карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптарын бұзушылар әлі де анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы құрылған мониторингтік топтар күн сайын рейд жүргізіп, карантиндік шектеулердің сақталуын жіті қадағалауда. 5 наурыз күні өңір бойынша 52-ден астам ереже бұзушылық тіркелген.

«Семейде 311 объектіге тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 45 бұзушылық анықталды. Көбінесе сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық көліктерде маска тақпағандар болған. 131 265 теңге сомасына 3 хаттама толтырылды», - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.

Риддер қаласында мониторингтік топтар 5 рет рейдке шықты. Соның барысында 74 нысан қамтылды. Келушілерге маскасыз қызмет көрсеткен 5 адам тіркелген.

Курчатов қаласында 24 кәсіпкерлік нысанын тексеру барысында бір ереже бұзушылық анықталды. Ал Глубокое ауданында 23 объектіге 18 рейд жүргізілген. Нәтижесінде көшеде маска тақпай жүрген 1 тұрғынға 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


Jańalyqtar

MURAǴAT