ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 23 фактісі тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 23 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

5 сәуір күні Өскеменде 318 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 10 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 656 325 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семейде тексеру барысында 343 нысан қамтылған. Шектеу шаралары мен маска режимін бұзған 11 адам тіркелді. 43 755 теңге мөлшерінде бір хаттама толтырылған.

Сондай-ақ Шемонаиха ауданында мониторингілік топтар 77 нысанды аралап, маска режимін бұзудың екі фактісін анықтады.


Соңғы жаңалықтар