ШҚО-да карантин талаптарын бұзғандардан 656 мың теңге өндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптарын бұзғандардан 656 мың теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейдтер жүргізуде.

«9 наурызда Өскеменде 185 объекті тексерілді. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзудың төрт фактісі тіркелген. Маска тақпаған дүкен сатушыларына 350 040 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семейде жүргізілген рейдтер барысында 311 нысан қамтылған. Сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық көліктерде маска режимін бұзудың 17 фактісі анықталды. 43 755 теңге көлемінде бір хаттама толтырылып, 306 285 теңге мөлшерінде 7 айыппұл өндірілді.

Шемонаиха ауданында 73 объектіге тексеру жүргізіліп, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың бір фактісі тіркелген. Нақты айтқанда, дүкенге маскасыз кірген тұрғынға айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар