ШҚО-да карантин шектеулері 21 наурызға дейін ұзартылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қатысты карантин шектеулері 21 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 21 наурызға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 6,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,624.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық талапты сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар