ШҚО-да карантин кезінде интернет-алаяқтарға алданғандар артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин кезінде интернеттегі алаяқтардың арбауына түскендер 1,5 есеге артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша интернеттегі алаяқтық фактілері 22,4% өскен. Әсіресе карантин кезінде тауарларды онлайн сатып алушылар көбейгенде алаяқтар іске кіріскен.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде интернеттегі 119 алаяқ әшкереленді. Олардың 276 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденген. Бұл ретте, алаяқтықтың алдын алу мақсатында халыққа әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, осы жылы өңірде қылмыстың ашылу деңгейі 7,9 пайызға артқан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу керектігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар