ШҚО-да қар құрсауында қалған 5 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы тасжолда қар құрсауында қалған 5 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 қаңтарда түнгі сағат 01.00 шамасында Убинка ауылынан 10 шақырым жерде «Ланд Крузер Прадо» көлігі омбы қарға батып қалған.

Хабар түскен соң оқиға орнына Шемонаиха аудандық ТЖБ-ның құтқарушылары келіп жетті. Жергілікті шаруа қожалықтарының екі тракторының арқасында көлік қардан шығарылып, 3 жолаушысымен бірге сол маңдағы ауылдардың біріне жеткізілген.

Сонымен қатар таңғы сағат 05.50 шамасында Жарма ауданындағы «Өскемен-Алматы» тасжолының 70-ші шақырымында «BMW» көлігіне көмек көрсетілді. Оның ішінде 2 жолаушы болған. Анықталғандай, көлік жолда келе жатып сынып қалған.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық ТЖД жел жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жететінін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар