ШҚО-да қар көшкініне байланысты жолдардың бірі жабылады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуіне орай жолдардың бірі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде құтқарушылар профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсіреді.

«2 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолы көліктің барлық түріне жабық болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте департамент мамандары облыс тұрғындарына қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар