ШҚО-да қар көшкіні жүруіне байланысты жолдардың бірі жабылады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуіне байланысты жолдардың бірі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде құтқарушылар профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсірмек.

«1 желтоқсан күні сағат 11-00-де жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 58-66 шақырымында (Ушановское ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы) көліктің барлық түріне жабық болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте департамент мамандары облыс тұрғындарына қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар