ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 20-00-ден бастап қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Өскеменнен Серебрянск қаласына дейінгі аралықтағы республикалық маңызы бар тасжол жабылды. Аталған учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған.

«Өңір аумағында қар көшкіні қаупі 17 ақпанға дейін сақталады. Тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүргені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар