ШҚО-да қар көшкіні жүріп, бір турист қаза болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 ақпанда өскемендік алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетіп, олардың бірін қар басып қалған, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

«Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды», - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

16:23-те тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек бораннан жерге қонуға мәжбүр болды. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып, қар астында қалған 1979 жылы туған ер адамның денесін алып шыққанын хабарлады. Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлер қарда жүретін техникамен жетті.

11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін таудан түсірді.

Айта кетейік, ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған болатын.


Соңғы жаңалықтар