ШҚО-да қар еріп, су деңгейі көтеріле бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар еріп, су деңгейі көтеріле бастады. Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы базасында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Әбділовтың айтуынша, облыс аумағында қар еріп жатыр. Аймақтың қар басып жатқан аумағы 33% құрайды. Топырақтың жоғарғы қабатының еруі байқалады. Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында 71 см. Өзендердің ашылуы және су деңгейінің көтерілуі байқалады. Судың шекті деңгейлерден асып кетуі байқалмайды.

Оның сөзінше, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті 8 рет аэровизуалды тексеру жүргізді. Облыс су тасқынына дайындық жоғары деңгейде, жедел штабтар құрылған. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың облыстық жоспары іске асырылуда, қар шығару, автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен арналарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шұғыл шығындарға және төтенше жағдайларды жоюға қаражат көзделген. 2412 бірлік техника, 379 мотопомпа мен 106 эвакопункт дайындыққа келтірілді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің мәліметінше, зардап шеккен халықты қабылдаудың барлық пункттеріне тексеру жүргізілген, уақытша болу, тамақтану үшін жағдайлар жасалған, санитарлық-тұрмыстық жағдайлар жасалып, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін көлікті тартуға ниет-шарттар жасалған.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша су тасқыны болуы ықтмиал 4 ауданда (Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Бесқарағай) үшін қосымша резерв құрылған. Онда су айдау құрылғыларының санын 2 есеге және адам ресурстарын 50% - ға ұлғайту көзделген.

«Семей қаласындағы Ертіс, Бұқтырма, Уба, Күршім өзендеріндегі, Алтай ауданындағы, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы барлық 19 кептеліс қаупі бар учаскелерде жалпы алаңы 180 мың шаршы метрден астам профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, 9,5 тоннадан астам жарылғыш заттар пайдаланылды»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов.

Төтенше жағдайлар министрінің өкімі бойынша облыстың су тасқыны қаупі бар Алтай мен Көкпекті ауданына ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам, 8 бірлік техника, 4 жүзу құралы және 10 жылжымалы мотопомпа жіберілген.

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы су тасқыны кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ 5360 метр арықтар мен су бұру каналдарын, 38 метр су өткізу құрылыстарын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды, 38 қарт және жалғыз басты тұрғындардың үй маңындағы аумақтарын тазарту, сондай-ақ инертті материалы бар 2320 қап дайындалды, 200 дана қап төселді, мұздың қалыңдығы 1,5 метрді құрайтын ұзындығы 45 метр мұз кесілді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс залында 20 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істейді, ол әрбір су тасқыны қаупі бар учаскеге ақпарат жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады.

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өкілдерінің мәліметінше, 2021 жылдың 15-30 сәуірі аралығында күн құбылмалы болады. Түнде кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасының ауытқуы 0-5° - дан 2-7 ° - ға дейін, күндіз 18-23° - дан 5-10 ° - ға дейін болады.


Соңғы жаңалықтар