+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ШҚО-да қандала қаптап кетті. Мамандар не дейді

2019 жылғы 10 қазан 16:13
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қандала қаптап кетті. Мамандар не дейді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстандағы қалалардың бірінде қандала қаптап кетті деген ақпарат тараған болатын. Мамандар жағдайға байланысты нақты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ЖЭО-2 немесе автокөлік: қаланы қайсысы көбірек ластайды 16 жастағы Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды Алматы зообағындағы Алькор атты ақ аю 30-ға толды

Дәлірек айтсақ, ағаш қандаласы Алтай қаласында көбейе түскен. Жәндіктердің қандай да бір жұқпалы инфекция таратуынан қорыққан тұрғындардың мазасызданғандығы шындық. Ал аудандық эпидемиология бақылау бөлімі мамандарының айтуынша, ағаш қандаласы адам денсаулығына қауіп төндірмейді. Сондай-ақ инфекция таратпайды.

– Сол себепті қандай да бір қарсы шара қабылдаудың негізі жоқ. Мәселен кене қаптаған жағдайда, бірден зарарсыздандыру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені олар адам денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Айталық бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген... Ал егер қандала үйдің ішіне қаптап кетсе, сөз басқа. Мұндай жағдайда тұрғындар шағым жасап, дезинфекциялау зертханаларына жүгіне алады, – дейді аталмыш бөлімнің қызметкері Латипа Мұратбекқызы.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, күннің жылынуына байланысты жәндіктердің көбейе түсуі негізінен қалыпты жағдай. Осы орайда айта кетуіміз керек, «тал-бүрген немесе қамыс-қурайдың арасынан болмаса, үйдің ауласына я ішіне қаптап кірген қандалаларды көрмедік» деген тұрғындар да бар. Осыған қарағанда, ағаш қандаласының саны ауа райына байланысты және белгілі бір аумақта ғана арта түскен болуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есентай Айтұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT