ШҚО-да кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс едәуір азайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қаралатын қылмыстық істердің саны азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бойынша №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Анна Жұмағұлованың айтуынша, 2019 жылы жасөспірімдерге қатысты 60 қылмыстық іс қаралған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20-ға аз.

– Оның ішінде онша ауыр емес қылмыстар саны – 27, орташа қылмыстар – 16, ауыр қылмыстар – 16. Медиация тәртібімен 3 іс қаралды, – дейді Анна Жұмағұлова.

Сот төрайымының айтуынша, жасөспірімдер арасында тіркелетін әкімшілік құқықбұзушылықтар саны керісінше көбейген. Нақты айтқанда, былтыр 317 әкімшілік іс қаралса, 2018 жылы осындай істердің саны 351-ді құраған.

Талғатжан Мұхаметбекұлы



Соңғы жаңалықтар