ШҚО-да «Қайратты жастар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қайратты жастар» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Өскемендегі О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жұмысшы жастар арасындағы дәстүрлі «Қайратты жастар» байқауы өтті.

«Шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыстағы ірі кәсіпорындар арасында жастар бәсекелестігін арттыру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық бағыттағы білім алып жатқан ЖОО мен колледж студенттерін кәсіпорындармен таныстыру. Байқауға облыстың 7 ірі кәсіпорны, атап айтқанда «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭС» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС «Кәсіп Қорған» Одағы, «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС қатысты», - делінген мәліметте.

Төрт номинация бойынша үздіктер анықталды:

- «Үздік спорттық топ» - «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ

- «Үздік шығармашылық ұйым» - «Шығытүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені.

- «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы» - «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.

- «Үздік кәсіптік-бағдар беру бейнеролигі» - «Шығытүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешені.

Байқау жеңімпаздарына облыс басшылығы атынан сыйлықтар табысталып, сертификаттар, алғыс хаттар берілді.


Соңғы жаңалықтар