+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

2021 жылғы 30 шілде 01:06
Бөлісіңіз:
ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен Өскемен қаласының тұрғынын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жол жиегіндегі  жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті СҚО-да көлік жүргізушісі жолда отар қойды соғып, 14 мал өлді Қостанайда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Оны судан алып шыққан соң, аты-жөнін сұрады. Сол кезде азамат өзінің адасып кетіп, үйіне қайта алмай жүргендігін жеткізген.

«Анықталғандай, Александр Гурбанов 16 шілдеде жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. 3 күннен кейін оның әйелі полицияға жүгініп, күйеуінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен оны табу мүмкін болмаған еді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам өз кезегінде өмірін ажалдан арашалап қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT