ШҚО-да ішкі істер органдарының 70-тен астам қызметкері марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күні қарсаңында ішкі істер органдарының 70-тен астам қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке қарсаңында қылмыстық атқару жүйесінің қызметкеркерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды. Салтанатты шара ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінде өтті.

«Батырлар ерлігінің алдында басымызды иеміз. Отанын фашизмнен қорғаған қазақстандықтардың ерлігі - жастарға үлгі. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Ерлікпен өткен бұрынғы дәуірдің даңқты дәстүрлерін қасиетті түрде сақтап, ел алдындағы борышты абыроймен атқара беріңіздер», - деді Департамент бастығы, әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.

«Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері әділет подполковнигі Қанат Зияновқа, әділет майоры Жасұлан Бәденовке, әділет капитаны Мерхат Ахметжановқа табыс етілді. Сондай-ақ, ҚАЖ жүйесінің бірқатар қызметкері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шара соңында департамент қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, концерт қойды.


Айта кетсек, елордада мінсіз қызметімен ерекшеленген тәртіп сақшылары марапатталған болатын.


Соңғы жаңалықтар