ШҚО-да ірі көлемде астық ұрлаған кәсіпкер сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында нан қабылдаумен айналысқан «Шығыс-Астық» ЖШС директоры ірі көлемде астық ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бородулиха аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы «Шығыс-Астық» ЖШС-нің қоймасында сақтау туралы шарт аясында аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден сатып алынған және «Продкорпорация» АҚ-ға орналастырылған астықты белгісіз біреулерге берген.

«Астық жетіспеушілігі 11 022,223 тоннаны құрады. оның ішінде 10 869,103 тоннасы - үшінші класты бидай және 153,12 тоннасы - күнбағыс. Осының салдарынан мемлекетке ірі көлемде, нақты айтқанда 1 миллиард 444 миллион 960 мың 877 теңге мөлшерінде залал келтірілген», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.


Соңғы жаңалықтар