+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да iPhone алу үшін мал ұрлаған екі жігіт 5 жылға түрмеге қамалды

2021 жылғы 21 қыркүйек 09:26
Бөлісіңіз:
ШҚО-да iPhone алу үшін мал ұрлаған екі жігіт 5 жылға түрмеге қамалды

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында ұрланған 50 бас мал иелеріне қайтарылды Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында iPhone алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адамдар ұрлық жасау үшін алдын ала сөз байласқан. Олардың қылмысқа баруларына қымбат ұялы телефон алуға ақшаларының жетпеуі себеп болған.

Сөйтіп екеуі еркін жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Сот үкімімен 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған жігіттер ОВ-156/1 түзету мекемесінде өз жазаларын өтеуде.

«Соңғы уақытта жастар арасында мал ұрлығы белең алды. Ұрланған малға чип қойылған болса, оны табу оп-оңай. Ал қылмыс жасаған азамат қатаң жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT