ШҚО-да инженерлік әскерлердің 29 жылдығы атап өтілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат –Семей қаласындағы Офицерлердің гарнизон үйінде инженерлік әскерлердің 29 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Горнизонның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, салтанатты шараны 54770 әскери бөлімінің өнерпаздары мен «Намыс» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырды.
Оған инженерлік әскерлердің ардагерлері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің инженерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамы және әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.
«Соғыс уақытында инженерлік әскерлер жауынгерлерге жол ашып, көпір салып немесе жөндеп, өзен-суларға өткел дайындап, жау жүрген жерлерді миналардан тазартады. Кез келген әскерде инженерлік қамтамасыз ету бөлімшесі болуы қажет», - деді бөлім командирі, подполковник Аралбек Таңатов.
Шара барысында әскери борышын өтеу кезінде ерекше көзге түскен офицерлер мен сержанттар марапатталды.
- Ресейден арзан көлік: Семей тұрғыны алаяққа 2,8 млн теңгесін беріп қойған
- ШҚО-да мереке күні карантин талаптарын бұзудың 23 фактісі тіркелді
- Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 10 балықшы құтқарылды
- Түркістан облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
-
Қазақстанның үш облысында жол ашылып, көлік қозғалысы қайта жанданды
-
Шығыс Қазақстанда екі жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам