ШҚО-да инвесторлар есебінен 82 көпқабатты үй салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жеке инвестициялар тарту арқылы 82 көпқабатты үй салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы өңірде 602,8 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Ал Өскеменде бір жыл ішінде 205,1 мың шаршы метр баспана салынды. Қазірде облыс бойынша 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып жатыр.

«Былтыр 565 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. 2017-2021 жылдары аралығында көпбалалы жанұялардың баспанаға мұқтаждығы бес есеге артты. Жеке тұрғын үй құрылысын арттыру үшін «Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Өскеменде мемлекет қаржысы есебінен жеті тұрғын ауданға инженерлік коммуникациялар тартылды», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда жеке инвестиция тарту арқылы жалпы аумағы 479 мың шаршы метр 82 көпқабатты коммерциялық үй салынып жатыр.

Осыған дейін ШҚО-да үшінші май өңдеу зауыты ашылғанын жаздық.



Соңғы жаңалықтар