Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.02 eur/kzt 450.1

    rub/kzt 7.17 cny/kzt 63.75
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ШҚО-да инвесторлар есебінен 735 үй салынып жатыр

2022 жылғы 26 қаңтар 14:59

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында инвесторлар есебінен бірқабатты 735 үй салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, облыста жыл көлемінде 280 млрд теңгеге 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Қазіргі уақытта оның 602,8 шаршы метрі пайдалануға берілді.

«Өңірде жеке инвестицияларды тарту есебінен коммерциялық тұрғын үй салу тетігі әзірленді. Құрылыс салушылар 479 мың шаршы метрге 82 коммерциялық үйдің құрылысын жүргізді. Оларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер учаскелері берілді», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар аймақта «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялар жүргізілуде.

«Жеке инвесторлардың жер үй салу қарқыны едәуір артты. Олар 16 млрд теңгеге бірқабатты 735 үй салуда. Бұдан бөлек, Өскеменде 12 қабатты төрт және 16 қабатты бес тұрғын үй салынды. Семейде көпқабатты 15 үй бой көтерсе, Зайсан қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Барлық үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оның ішінде сыртқы су құбыры, кәріз және жылумен жабдықтау желілері тартылған», - делінген мәліметте.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар