+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да иммундық плазманың 7 мыңға жуық дозасы дайындалды

2021 жылғы 23 қыркүйек 00:53
Бөлісіңіз:
ШҚО-да иммундық плазманың 7 мыңға жуық дозасы дайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқастар иммундық плазмамен сәтті емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамы: Қазақстанға ұшақпен келетін жолаушыны қабылдау тәртібі қатаңдатылды Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті

ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, облыстық қан орталығы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін ел бойынша бірінші болып иммундық плазманы дайындай бастады.

Сол кезде аймақ басшысы Даниал Ахметов иммундық плазма банкін құруды тапсырған.

Қан орталығы донорларды іріктеу, плазма жинау жұмыстарына кірісті.

- Қазіргі уақытта қанның әртүрлі топтарындағы плазманың 6 639 дозасы дайындалды. Өңірдің медициналық мекемелерімен өзара іс-қимылдың нақты механизмі нәтижесінде иммундық плазма тұрақты негізде ауруханаларға жіберіліп тұрады, - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Бүгінде науқастарға 1 846 доза плазма құйылды.

Ол облыстың 953 тұрғынына коронавирустан жазылуға көмектесті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT