+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

ШҚО-да Илья Ильин атындағы ауыр атлетика мектебін ашу жоспарланып отыр

2021 жылғы 13 қазан 16:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-да Илья Ильин атындағы ауыр атлетика мектебін ашу жоспарланып отыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Илья Ильин атындағы ауыр атлетика мектебін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалар арасында артты Қабанбайдың 329 жылдығы: ШҚО-да республикалық конференция өтті Ерқанат Тұрымтай қазақтың көне жәдігерлерін бүгінге дейін сақтап келеді

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы және өзге де жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген зілтемірші Илья Ильинмен кездестім. Үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған Илья серпе көтеруде әлемдік рекордты да жаңартқан. Ол жай спортшы ғана емес, адами болмысы мен тұлғалық қасиеті өзара үндескен адам», - деді ол.

Қазіргі таңда Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз» сарайын басқарады. Оның ауыр атлетика мектептерін ашу жайлы үлкен жоспарлары бар.

«Кездесуде Шығыс Қазақстанда Илья Ильин атындағы мектепті ашу мүмкіндігін талқыладық. Біздің спортшылар әртүрлі әлемдік жарыстарда өздерін осы спорт түрінде өте жақсы көрсетеді. Өйткені ауыр атлетика - тек қана алып дене мен күшті ғана емес, рухани мықтылықты да талап етеді. Сондай-ақ ауыр атлетіміз Денис Улановты қалпына келтіру, оңалту және үлкен спортқа қайтару туралы тақырыпта сөз қозғадық. Илья жуықта Азия чемпионы атанған облысымыздың «Алтай» клубының волейболшыларына риза екендігін де жеткізді», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT