ШҚО-да иіс тиген ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді
2020 жылғы 17 қыркүйек 15:28

ШҚО-да иіс тиген ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында ерлі-зайыптыларға иіс тиген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға таяуда Алтай ауданы Тұрғысын ауылында болған. Орта жастағы ер адам мен әйел шамамен сағат 20.00-де жер үйде көмірмен пеш жаққан.

Қатты отынның жанғанын тексермеген олар мұржаны жаба салыпты.

«Түн ортасында әйелдің жүрегі айнып, басы айнала бастаған. Дәлізге шыққан ол есінен танып қалды. Әйтеуір біраз уақыттан кейін әйел есін жиып, жедел жәрдем шақырған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Зардап шеккендер иіс тию белгілерімен ауруханаға жеткізілді. ТЖД дерегінше, өңірде жыл сайын иіс тиіп көз жұмғандар саны азаймай тұр.


Jańalyqtar

MURAǴAT