ШҚО-да иіс тиген екі бала көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданында иіс тиген екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Секисовка ауылында орын алды. 2005 және 2013 жылғы екі қыз апайының үйінде болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сол үйде қонған олар пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кетті.

«Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер балаларды тексергенде екеуінің мерт болғанына көз жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандар болған жағдайдың себебі – пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.


Соңғы жаңалықтар