+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да иіс тиген 74 жастағы кейуана көз жұмып, екі бала ауруханаға түсті

2021 жылғы 25 қазан 11:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да иіс тиген 74 жастағы кейуана көз жұмып, екі бала ауруханаға түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында иіс тиген 74 жастағы зейнеткер мерт болып, екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 4 адам ысты газға уланып, мерт болды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні сағат 20:44-те Алтай қаласында болған.

Ауруханаға улану белгілерімен екі бала, атап айтқанда 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсті.

Жеке тұрғын үйді тексеру барысында департамент мамандары балаларға пеште жарық болуы салдарынан иіс тигенін анықтады.

«Екінші оқиға 25 қазанда Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақытылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұзушылықтар туралы ескерткенімен олар еш назар аудармаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғалы бері өңір құтқарушылары 92 732 тұрғын үйді аралап, халыққа пеш пен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT