ШҚО-да хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстық ауруханаға 56 жастағы науқас түскен.

Белгілі болғандай, оның өтінде тас пайда болғанына 6 жылдан асты. Осы жылдар бойы ол консервативті түрде емделіп, ауырсынуды басатын дәрілерді ішіп келген. Тексеру нәтижесінде әйелдің өт қабы қатты тартылып, тасқа толып кеткені анықталды.

Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдаған. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалды.

Операция барысында микроскопиялық бейнекамера арқылы пациенттің өті ішіндегі тастарымен бірге алынып тасталды. Өттен бір уыс тас шыққан.

«Науқастың жолы болды деуге болады. Себебі тастар жалпы өт жолына түсіп үлгермеген. Бұл жағдайда оның жағдайы әлдеқайда ауыр болар еді», - дейді хирург Дәулет Есімжомартов.


Соңғы жаңалықтар