ШҚО-да халықтық спорт ойындары мәресіне жетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Астана қаласының 20-жылдығына арналған ХХІ-ші Халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың ақырғы күні ұлттық спорт ұлықталды. Қыз қуар, теңге ілу, аударыспақ, жорға жарыс, құнан бәйге, аламан, көкпар сайысы бойынша үздіктер анықталды. Жиналған жұрт назары 25 шақырымдық аламан жарысы мен көкпар ойынына ерекше ауды.

Көкпардан Өскемен қаласының командасы бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға Көкпекті ауданы көтерілсе, үздік үштікті Тарбағатай түйіндеді. 25 шақырымдық аламан жарыста облыс әкімі Даниал Ахметов тағайындаған автокөлікке Аягөз ауданының шабандозы Елжан Ерболұлы ие болды. Шабандоздың бағын асырған сәйгүліктің есімі - «Көгершін». Екінші орынға «Әлімқасқа» атты тұлпарды тізгіндеген жармалық Бағдәулет Ерболов табан тіресе, тарбағатайлық «Қызыласық» Дархан Ұлағатты үшінші орынның тұғырына шығарды.

«Бұл додада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылардан команда жасақталып, Маңғыстауда өтетін республикалық бәсекеде аймақ намысын қорғамақ» - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Бәсеке қорытындысы бойынша, қалалар арасында 375 ұпаймен Өскемен қаласының спортшылары топ жарды. Екінші орыннан 339 ұпай еншілеген Семей қаласы көрінсе, үшінші орынға 159 ұпаймен Риддер қаласы шықты.

Аудандар арасында Тарбағатай ауданы құрамасы 320 ұпаймен топ бастады. Екінші орынды 257 ұпаймен Ұлан ауданының командасы иеленсе, 248,5 ұпай жинаған Абай ауданы үздік үштікте.
null
null null
null 

Сайыс кестесі бойынша жалпыкомандалық есепте командалар төмендегідей орналасты:

Қалалар арасында жалпыкомандалық нәтиже:

1 орын - Өскемен (375 ұпай)

2 орын - Семей (320 ұпай)

3 орын - Риддер (159 ұпай)

4 орын - Зырян (126 ұпай)

5 орын - Курчатов (55 ұпай)

Аудандар арасында жалпыкомандалық нәтиже:

1 орын - Тарбағатай ауданы (320 ұпай)

2 орын - Ұлан ауданы (257 ұпай)

3 орын - Абай ауданы (248,5 ұпай)

4 орын - Күршім ауданы (241 ұпай)

5 орын - Жарма ауданы (211ұпай)

6 орын - Зайсан ауданы (207 ұпай)

7 орын - Шемонаиха ауданы (201 ұпай)

8 орын - Глубокое ауданы (199 ұпай)

9 орын - Үржар ауданы (188 ұпай)

10 орын - Аягөз ауданы (183 ұпай)

11 орын - Бородулиха ауданы (136 ұпай)

12 орын - Көкпекті ауданы (130 ұпай)

13 орын - Катонқарағай ауданы (116,5 ұпай)

14 орын - Бесқарағай ауданы (109,5 ұпай).

Соңғы жаңалықтар