ШҚО-да халықтан сүт қабылдау көлемі 10 есеге артқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс тұрғынының сауалына жауп беген Даниал Ахметов 2015 жылдан бері халықтан сүт қабылдау көлемі 9,8 есеге артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2015 жылы ауыл халқынан 3,7 мың тонна сүт жиналса, биыл бұл көрсеткіш 36,2 мың тоннаға жеткен.

Төрт жылда 37 тауарлы-сүт фермасы іске қосылған және қайта құрылған. Сондай-ақ, 55 сүт қабылдау пункті құрылып отыр. Осының арқасында өңірдегі сүт зауыттарының жүктемесі 29%-дан 75%-ға дейін өскен.

«Мысалы, «Эмиль»компаниясы өндірістік қуатын 36 мың тоннадан 56 мыңға көбейту үшін қайта жарақтауға көшті. Сүтті мал шаруашылығын әрі қарай да дамыта береміз. Ол қысқа уақытта өз жемісін беріп жатыр» - деді Даниал Ахметов.

null null

Соңғы жаңалықтар