ШҚО-да халыққа медициналық көмек көрсетуге 124,8 млрд теңге бөлінген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халыққа медициналық көмек көрсетуге 124,8 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі – 75,8 млрд теңге, ал МӘМС – 48,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл жөнінде онлайн брифинг барысында ШҚО әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Ғалымжан Әбілов мәлімдеді.

«Биыл қазақстандықтар үшін амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек қолжетімді болады. Қаржыландырудың көп бөлігі балалар денсаулығын сақтауға бағытталмақ. Сондай-ақ COVID-19 індетімен күрескен медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеу тиісті қаржы көзделген. Қаңтар айында 5 346 медицина қызметкері 929,8 млн теңге сомасында үстемеақы алса, ақпанда 7115 ақ халаттыға 695,9 млн теңге шамасында үстемеақы берілді. Наурыз айында 4394 қызметкерге 600,1 млн теңге төленген», - деді ол.

Сонымен қатар қор пациенттердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті жұмыстарды жалғастыруда. Бұл үшін 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы және Telegram-дағы Saqtandyrybot парақшасы жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар