+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҚО-да фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады

2020 жылғы 20 қараша 21:16
Бөлісіңіз:
ШҚО-да фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда карантин талаптарын күшейтуді ұсынды Карантин талабын бұзған қызылордалықтарға 23,6 млн теңге айыппұл салынды Алматы облысында «Ashyq» жобасына 740 нысан енгізілді

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушы жаңа қаулы жариялады. Онда жазылғандай өңірде маска режимі мен вирус жұқтырған науқастардың өзін-өзі оқшаулауын бақылау күшейтіледі.

«Тұрғындар ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамасында, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде, қоғамдық көлікте, соның ішінде таксиде маска тағуы қажет», - делінген құжатта.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар карантин жағдайында болған кезінде вирус жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға, медициналық қызметкерінің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге, жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға, өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерін дереу хабардар етуге міндетті.

«Фитнес орталықтарының, жаттығу залдары мен спорт кешендерінің жұмысына тыйым салу туралы тарау алынып тасталды. Бұл нысандар демалыс және мереке күндерін қоспағанда алдын ала жазылу арқылы ғана жұмыс істейді», - делінген қаулыда.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT