ШҚО-да есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам граффити өшірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам граффити өшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі мен психотроптық заттар сатылатын сайттарды жарнамалайтын граффити суреттерді жою үшін шара өткізген.

«Бүгінгі таңда есірткі саудалайтындар тұрғын үйлердің қабырғасына және басқа да қоғамдық орындарға граффити суреттерді салу арқылы жарнама жасауда. Осыған орай полицейлер мен жастар бірлескен рейдке шықты. Анықталған граффити суреттер бірден өшіріліп отырды. Жалпы полиция қызметкерлері биыл есірткі жарнамалайтын 100-ден астам граффити суретті жойған», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құқық қорғау органының қызметкерлері есірткі жарнамасы бар граффитиді немесе оны салумен айналысатын адамдарды көрген тұрғындардан дереу «102» арнасына немесе 8(7232)-26-42-76 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар