ШҚО-да есірткі саудасымен айналысқан ер адам Ресейге экстрадицияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасымен айналысқан ер адам Ресейге экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, К. есімді азамат өңір аумағында қылмыстық топ құрып, есірткі және героин сатумен айналысқан. Ер адам ұсталып, ОВ-156/15 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесіне қамауға алынды.

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-бабы 4-бөлігінің «а» тармағымен сотталған ол мерзімнің көп бөлігі аяқталғаннан кейін Бас прокуратураға Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш жазды. Өз сөзінде қазіргі уақытта отбасы мен туыстары сол жақта тұратынын жеткізді. Ресей тарапынан қажетті ақпарат пен сотталғанды қабылдау туралы растауды алған Бас прокуратура жазасын өтеушіні экстрадициялауға келісті», - делінген ақпаратта.

Азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Ресей Федерациясымен, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия және Тәжікстан елдерімен экстрадициялау туралы келісім жасасқан.


Соңғы жаңалықтар