ШҚО-да есін жоғалтып алып адасып кеткен әйел екі аптадан соң табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының полиция қызметкерлері есін жоғалтып алып адасып кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 желтоқсанда Алтай аудандық полиция бөліміне жүгінген ер адам әйелінің жоғалып кеткенін айтты. Белгілі болғандай, 43 жастағы азаматша кейде есте сақтау қабілетінен айырылып қалады.

Тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен. Алайда әйелдің құрбылары да, туыстары да оның қайда кеткені туралы ештеңе білмеді. Іздестіру барысында жедел уәкілдер қараусыз қалған ғимараттар, жертөле, бос үйлерді түгел тексерген.

«28 желтоқсанда әйел адам Алтай қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан жылу трассасының маңынан табылды. Азаматшаның айтуынша, ол өзінің тұрғылықты мекенжайын, туыстары мен таныстарының үйін есіне түсіре алмай қиналған. Кейін амалсыз көшедегі жылу трассасын пана етуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта әйел дәрігерлердің бақылауында», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар