ШҚО-да ертеңнен бастап мамандандырылған ХҚО-лар қайта ашылады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап мамандандырылған ХҚО-лар қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 қаңтардан бастап өңір бойынша автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет көрсететін мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі – дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

«Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Ертеңнен бастап мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылады. Біз орталықтарға келушілер көп болады деп болжап отырмыз», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болады. Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар