+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

ШҚО-да еріктілер жылы салтанатты түрде ашылды

2020 жылғы 18 қаңтар 01:50
Бөлісіңіз:
ШҚО-да еріктілер жылы салтанатты түрде ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында салтанатты түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер қозғалысы орталығының ашылуы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Волонтерлер екі қалада 800 азық-түлік пакетін таратады Батысқазақстандық волонтерлер полицейлер мен дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізді Семейде волонтерлер 70-тен асқан қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде

Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті. Ғимарат фойесінде өңірдің этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ерекше қоғамдық институт екендігін айтты.

«Мемлекет саясатының негізі - түрлі ұлт пен ұлыстың бір шаңырақтың астында береке-бірлікте тұруы», - деді Әлішер Мархабат.


«Облыс бойынша 12 қалалық және аудандық достық үйі бар, олардың негізінде 117 этномәдени бірлестік құрылған. Бейбітшілік пен келісімді нығайтуға Ақсақалдар кеңесі сүбелі үлес қосуда. Қазыналы қарттарымыздың айтқан ақылдары әрдайым терең мағыналы. Сондай-ақ 17 медиация бөлмесі жұмыс істеп тұр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осымен екінші жыл қатарынан «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасы іске асуда. Соның аясында көптеген материалдар бір жерге топтастырылып, әртүрлі жинақтар мен әдістемелік құралдар шығарылды, шығармашылық ұжымдардың ұлттық киімдері жаңартылды. 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы және Еріктілер жылы болғандықтан талай игі шаралар ұйымдастырылады».


Шығыс Қазақстан облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарованың айтуынша, волонтерлық бастамалар - өзекті тақырып, ал еріктілік дамудың жаңа сатысына көшкен.

«Қазақстандықтар, әсіресе жастар, қоғамның мүддесі үшін ерікті жұмыс бәріне қажет екенін және бүкіл елдің табысты өмір сүруінің бір шарты екенін түсінді. Біздің міндетіміз - адамдарды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту, әлеуметтік дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсету, еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету және еріктілер қозғалысының дамуына ықпал ету, сондай-ақ бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту» - деді Жанна Асқарова.

Еш ақы алмай жұмыс істейтін волонтерлер әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосады. Табыстың орнына олар ұжымда жұмыс істеуді, іс-шараларға қатысуды, білімді де білікті адамдармен байланыс орнатуды үйренеді.

ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысы орталығы төрт бағытта жұмыс істейді: әлеуметтік, білім беру, спорттық және медиативтік. Еріктілер қозғалысының жетекшілері жұмыстың ерекшелігі мен келешектегі даму жолы туралы айтып берді.

Аталған бағыттардың жұмысын жақсарту мақсатында іс-шаралар стратегиясы жасалмақ. Бір қызығы, әр сала бойынша бір жылға арналған жұмыс жоспары жасалуда. Оның ішінде спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Бір жыл ішінде ерікті-спортшылар «Ауылда жаз» бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерге, балалар үйлеріне барып ашық жаттығулар, шеберлік сағаттарын өткізбек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге шалғай ауылдардағы дарынды балаларды іріктеп, облыстың спорттық резервіне дайындау бағдарламасы жүзеге асырылады.

Шараға қатысушылар жастар мен белсенді азаматтарды еріктілік қызметке тарту ортақ міндет екендігін бірауыздан қолдады. Тәулік бойы еңбек ету шарт емес, кез-келген азамат өзіне ыңғайлы уақытта бір-екі сағатын басқаға пайдалы іс істеуге арнаса, міне, сол нағыз жетістік, ол мейлі сенбілікке қатысу немесе балалар үйіне бару, жалғызбасты қарттардың қалын білу болсын.

«Мен 20 жылдан астам уақыт бойы облыстық Достық үйінің белсендісі болдым. Мүмкіндігі шектеулі жанның арбасын көтеруге көмектесу, демалыс кезінде айналадағы қоқысты тазалау, қарт кісіні жолдан өткізіп жіберу сынды игі істер әркімнің қолынан келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Еріктілер жылы бастамасын бірінші болып қолдады. Бір күнде біз 600-ден астам ерікті жинадық. Жер аударылып келген талай халықтарға жәрдем көрсеткен қазақ халқының дәстүрлері де еріктілікпен үндес деп есептеймін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «еріктілік - бұл жай ғана-ақ тегін жұмыс істеу емес, бұл үлкен жауапкершілік» - деді «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Равиль Юнусов.

Айта кетейік, ШҚО ҚХА еріктісі болғысы келгендерге volonter_ank@mail.ru электронды мекенжайына өтініш жібере алады.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT