+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ШҚО-да ер адам көлге батып кетті

2020 жылғы 8 тамыз 22:52
Бөлісіңіз:
ШҚО-да ер адам көлге батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері суға батып кеткендер саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында оқушы қызды ұялы телефоннан қалай тоқ соққанын әкесі айтып берді Әйелдің басын таспен ұрған: Алматы облысында тапа-тал түсте адам тонаған күдікті ұсталды Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте бейтаныс адамды тонап кеткен әйел ұсталды

«Бүгін кешкісін сағат 19:00-дер шамасында Дубыгалинское көлінде тұрғындар 1952 жылы туған ер адамның денесін судан шығарып алды. Ер адам шомылуға кетіп, содан қайтып оралмаған. Ол рұқсат етілмеген жерге суға түскен»,-деп түсіндірді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Статистика мәліметтеріне қарағанда, суға көбіне ер адамдар батып кетіп жатады. Оның басты үш себебі бар: біріншісі, рұсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп, суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау.

«Облыс тұрғындарына айтарымыз, шомылған кезде абай болу керек. Тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті, ал жар шетінен суға секіру одан да қауіпті. Суға түскенде жағалаудан тым қашық кетпеу керек, өйткені суға батып кететіндердің көбі өздерін мықты жүзгіш санайтындар. Суық суға ұзақ түспеңіздер. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар, тіпті су таяз болса да»,-дейді құтқарушылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT