ШҚО-да ен далада жоғалып кеткен екі адам табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар ен далада жоғалып кеткен екі адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтарда Катонқарағай ауданында 1982 және 1988 жылғы екі ер адам Ново-Хайрузовка ауылынан Алыбай ауылына қарай «ВАЗ 2114» көлігімен жолға шыққан. Алайда жол-жөнекей көлік қарға батып қалды.

Оларды шұғыл іздестіруге кіріскен «№27 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен полицейлер сағат 21.30-да Ново-Хайрузовка мен Алыбай ауылдары арасындағы тасжолдан 15 шақырымдай жерден тапты. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ер адамдар орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Азаматтардың айтуынша, көлік ішінде тоңып қалмас үшін олар қағаз жағып отырған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар