+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

ШҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

2020 жылғы 24 қыркүйек 04:08
Бөлісіңіз:
ШҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында орманда елік атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экологиялық этиканы қалыптастыруға үндейтін экософия тұжырымдамасы бекітіледі Экология министрлігі ең озық технологиясы бар кәсіпорындарды эмиссиялық төлемдерден босатуды ұсынды Алматыда электрокарларды тіркеу сервисі ашылды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйектің 20-нан 21-іне қараған түнінде сағат 22.30-да рейд жүргізген тәртіп сақшылары Маралды ауылының маңындағы орманда оқ атылғанын естіп, сол жаққа қарай бет алған.

«Қызыл түсті «Тойота Хайлюкс» автокөлігі орманнан шығып, «Семей-Курчатов» тасжолына қарай жоғары жылдамдықпен жол тартты. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Көп ұзамай көлікті «Барыс-10» экипажы ұстады. Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан сібір елігінің өлексесі, 1 дана мылтық,3 оқ және пышақ табылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

40 жастағы ер адам Бородулиха ауданының тумасы болып шықты. Қазірде ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT