ШҚО-да электр құралдарын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамаудан 41 өрт шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан 41 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қосылып, қараусыз қалдырылған электр жабдықтары, розеткаға ұзақ уақыт қосылып тұрған ұялы телефон өртке себепші болып жатады. Сол үшін ешқашанда электр құралдарын қараусыз қалдырмау қажет. Әсіресе үйден бір жаққа шығып бара жатқанда абай болған жөн.

«Ауа райы суытқан кезде электр жылытқыштарын пайдаланатындар саны артады. Бірінші кезекте қауіп төндіретіндерге - шәйнек, плита, электр жылытқыш жатады. Сондай-ақ люстра мен шамдардан да от тұтануы мүмкін. Қарапайым тұрмыстық техника, атап айтқанда теледидар мен компьютер де өрт шығуына әкеліп соғып жатады. Құрылғының дұрыс қосылмауынан немесе дұрыс жұмыс істемеуінен қысқа тұйықталу орын алу мүмкіндігі бар. Жалпы өңір бойынша облыста электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтамаудан 41 өрт шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылардың дерегінше, егер электр жабдықтарынан күйген иіс байқалса және ұстаған кезде жылуды сезсеңіз, онда сол құрылғының сапасына назар аударуыңыз керек. Ең дұрысы, бұл жағдайда құрылғыны өшіріп, тексеру үшін арнайы мамандарға апарыңыз. Осы жұмысты кейінге қалдыруға болмайды.


Соңғы жаңалықтар