ШҚО-да елді мекендердің 81 пайызы ауызсумен қамтамасыз етілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында елді мекендердің ауызсумен қамтамасыз етілуі 81 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылы өңіріміз ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша республикада ең төменгілердің қатарында болды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бөлінген қаражаттың көлемін едәуір ұлғайттық. Нәтижесінде 4 жылдың ішінде ауылдарға ауызсу тарту көрсеткіші 10 есеге дейін артты», - деді Даниал Ахметов қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруінде.

Оның айтуынша, бүгінде елді мекендердің 81%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. 2020-2021 жылдарға дейін блоктік-модульдік станцияларды орнату жұмыстары 99%-ға дейін жеткізілмек.

«Тек сан емес, сапа болуы керек. Сол үшін жұмыс сапасын бақылауды барынша күшейтеміз», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар