ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда Өскемен қаласында ауа температурасы - минус 9 градус, жел жылдамдығы секундына 12 метр болғандықтан екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.

«Сондай-ақ Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кенті мен Украинка ауылындағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Онда да ауа температурасы - минус 9 градус, жел жылдамдығы секундына 12 метрге жеткен» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Өскеменде бірінші ауысымның 0-11 сыныптарына сабақ өткізілмеген еді.



Соңғы жаңалықтар