ШҚО-да екі күнде іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі күн ішінде жол ережесін бұзған 4 мыңнан астам адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 27 сәуірден бастап «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Нәтижесінде, мас күйде көлік тізгіндеген 50-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды.

«Сондай-ақ 43 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды. Төрт мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 458-сі ұсақ бұзақылық, 676-ы қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу, 643-і үйде тіркеусіз және жеке куәліксіз тұру фактілері», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Шара барысында үш мыңнан астам есепте тұрған адам тұрғылықты жерлері бойынша тексерілген. Бұдан бөлек, 8 есірткі заттарын сақтау фактісі анықталып, 60 грамға жуық есірткі тәркіленді. Заңсыз айналымнан 14 бірлік қару алынды.


Соңғы жаңалықтар