ШҚО-да екі күнде 5 адам суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 5 адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғалар Өскемен, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, суға кеткендердің барлығы арнайы жабдықталмаған орында шомылған.

«Шемонаиха ауданында Үбе өзенінен 41 және 20 жастағы ер адамдардың денесі табылды. Екеуі екі бөлек жерде шомылып жүрген. Бір-бірін танымаған да. 41 жастағы тағы бір ер адам Өскеменде шомылуға болмайтыны туралы белгі қойылған жасанды тоғанға батып кеткен. Сүңгуірлер оның денесін 40 минут іздеді. Өскеменнің іргесіндегі Меновное кентінде 49 жастағы ер адамның денесін сүңгуірлер бір сағат іздеді. Ол да жабдықталмаған жерде шомылған. Семей қаласында 32 жастағы жігіт Березов кентінің маңында суға кетті. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, марқұм суға мас күйде түскен», - делінген департаменттің баспасөз ақпаратында.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 29 адамның ажалы судан келген.

Соңғы жаңалықтар