ШҚО-да екі көлік аударылып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында екі көлік аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні сағат 05.30-да «Өскемен-Шемонаиха» тас жолының 96-шақырымында мас күйінде Nissan laurelI автокөлігін тізгіндеген ер адам рульге ие бола алмай қалып, көлік арыққа құлап кеткен.

«Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бап бойынша ол он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды», - дейді ШҚО ПД басшысының орынбасары Жанболат Калетаев.


Арада бір күн өткеннен кейін дәл сол уақытта Шемонаиха қаласында тағы да көлік аударылды. ВАЗ 2107 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, соның салдарынан машина аударылып кеткен.

«Екінші оқиғада да жүргізуші жарақат алған жоқ. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар